"7 жыл жүрдік. Қыркүйекте той болайын деп жатқан": Раймның бұрынғы сүйіктісі бар шындықты айтты

Қос ғашықтың тойы қыркүйек айында белгіленгені де айтылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

"Біріншіден, барлығы айтып жатқандай ешқандай сатқындық болған жоқ. Екіншіден, иә, біз 7 жыл кездесіп жүрдік. Ата-аналармен танысу болды және той болайын деп жатырды қыркүйекте. Бірақ, олай болмады. Барлығын толықтай айтпаймын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан, көп нәрсе айтқым келмейді. Менің соңғы шешімімнен кейін, бәрін тоқтаттық. Бұл сатқындық емес. менде бәрі жақсы, деп жазды Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза.