Аталған қоғамның президенті өткен жылдың аяғында экономикалық қылмысы үшін орынбасарымен бірге абақтыға қамалған болатын. Әйелі мен атына Алматы мен Астанада 48 жылжымайтын мүлік тіркеп алған басшы нағыз миллионердің өзі болып шыққан. Зағиптар қоғамының мүшелері болса, ұйымға тиесілі қаржының бәрін олар қалтаға басып алған деп есептейді. Ал ұйым үшін сонша қаражатқа мардымды ештеңе жасамаған. Сондықтан миллиард теңгеден астам қаржыны иемденіп алған басшыға 7 жыл өте жеңіл жаза дейді бұлар.
Шәден Кәрібаев, Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі :
-Сот үкіміне қарсы емеспіз. Дегенмен, сотталушыларға тым жеңіл жаза тағайындалды. Олар миллиард теңгеден астам қаржыны қалай жымқырған? Өзі соқыр бола тұра маңызды құжаттарға қалай қол қойған? Бұл мәселелер де зерттеуді қажет етеді.
Loading...