700 кг марихуанамен ұсталған Қарағанды тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды тұрғыны ҚР қылмыстық кодексінің 4-бабы, 259-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды.

Осыған дейін хабарланғанындай, Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды тұрғынына тиесілі автокөлікті ұстаған. Тексеру кезінде көліктен 314 кг , жалға алған гараждың ішінен тағы 380 кг марихуана табылды.