75 жастағы ақсақал Астана мен ҚР Президентінің туған күнінің құрметіне ұйымдастырылған бәйгеге қатысты

14 шақырым қашықтықты еңсерді, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақсақал өмір бойы ұлттық спорт түрімен әуестенген. Астана күнінде он баланың әкесі Захан Әбілқас бәйгеге қатысуға өтініш білдірді.

«Мен 50 жылдан бері ер-тоқым үстіндемін. - деді ақсақал, - әлі күнге дейін аттан түскен емеспін. Қызылжардан аудан орталығына жиі барып тұрамын».

Астана күнінде «Құлагер» ипподромында үш бәйге - құнан-бәйге, топ-бәйге, аламан-бәйге ұйымдастырылды. Қала күні, 18 шілдеде өтетін құнан жарысқа қатысуға үш жасар айғырлар таңдалды. Павлодардан, Семейден, ШҚО Қатон-қарағайдан келген жорға жарысы көрермендерге ерекше тарту болды. Әр жарыстың жеңімпаздарын бағалы жүлде (Автокөлік, ақшалай сыйлық) күтіп тұрды.