7-9 сәуірде Қазақстанда қар аралас жауын жауады

«Қазақстан аумағы арқылы жылжыған салқын атмосфералық ағындар көптеген облыстарда жауын-шашын, еліміздің солтүстік жартысына сулы қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы және тау бөктері аудандарында күшті жауын-шашын алып келеді. Атмосфералық фронттардың артынан Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарында қалыптасқан антициклон жылжуда, сондықтан республиканың батысы мен солтүстігінде температураның төмендеуі күтілуде түнде 0-5º дейін аяз, күндіз 0-8º дейін жылы, оңтүстік жартысында түнде 0-8º жылы, күндіз 8-15º дейін жылы. Мұндай температура орташа көпжылдық мәндерге жақын және кей жерлерде 1-3º төмен болады», деп хабарлайда «Қазгидромет» РМК-і.