7-ші Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады - Н.Нұров

«Азия ойындарының тарихында алғаш рет қысқы Алау эстафетасы өткізіледі. Ол қаңтардың 11-і күні Азия ойындарының штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт қаласында тұтанады. Қаңтардың 12-сінен бастап алау еліміздің барлық өңірлерін аралайды да, қаңтардың 30-ы күні Астанаға жеткізіледі. «Астана-Арена» стадионында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанаты барысында Олимпиада алауының басты қазандығы жағылады», - деді Н.Нұров.

Оның айтуынша, Алау эстафетасына 1020 алаугер іріктеп алынады. Оның 100-і Эстафета алауын - елордада, 80 - Алматыда және 60 - әрбір облыс орталықтарында алып жүреді.