7-ші қысқы Азия ойындарын телерадиодан тарату басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Тергеу барысында Мусиннің жарғылық капитал үлесінің 100 пайызы мемлекетке тиесілі телерадио хабарларын тарату және медиатехнологиялар басқармасының басшысы болғаны белгілі болды. 2009 жылдың тамыз айында ол «Q-Service» ЖШС құрып, оны туыстарының атынан тіркеген. «Q-Service» ЖШС қызмет көрсету бойынша мердігер ұйым ретінде 2009 жылдың 9 қыркүйегінен 2012 жылдың 9 қазанына дейін 1,4 млрд. теңге көлемінде қаржы алған. Ал оған 7-ші қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы тапсырыс беріп отырған», - деп хабарлады А.Иманғалиев. Ол сонымен қатар осы қаржының шамамен 600 млн. теңгесі Мусиннің нұсқауымен жалған кәсіпорындар арқылы жымқырылғанын жеткізді.


«2014 жылдың 13 ақпанында А.К.Мусинге ҚР ҚК-ның 176-бабы 3-тармағының б пункті бойынша айып тағылып, Алматы қаласының Медеу аудандық сотының оның қамауға алу туралы шешімі шықты. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Амангелді Иманғалиев.