Бұл туралы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясынан мәлім етті.
Жарыстарға шайбалы хоккейден қазақстандық төрт команда қатысады. Олар - «Алматы», «Астана -94», «Көкшетау» және «ҚаТрансОйл».
Атқарушы дирекциядан хабарлағандай, сынамалық жарыстар алдағы 7-нші қысқы Азия ойындарына спортшыларымыздың дайындығын, сондай-ақ Спорт кешенінің техникалық қызметін, төрешілер корпусы мен еріктілердің әзірлігін тексеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.