8 айда инфляция 8,2% құрады - Кәрім Мәсімов

"Жылдық көрсеткішпен өрнектегенде 8 айда инфляция 8,2% құрады. Бұл жоспарланған дәлізден артық", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр бұған қоса ағымдағы жылдың 8 айында айналымдағы қолма-қол ақшаның шамамен 36%-ке, ал ақша массасының 24%-ке өскенін жеткізді. "Яғни, инфляциялық құбылыстарда монетарлық факторлар айрықша маңызды роль атқарып отыр", - деді ол.

Үкімет басшысы нан бағасының күрт қымбаттап кеткеніне тоқталды. " Шымкент, Астана, Алматы, Тараз және Атырауда баға ең жоғары деңгейде көтерілді", - деді Кәрім Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті