8 баласы бар анаға демеуші азамат жарты жылға пәтер жалдап берді

Бұл туралы  хабарлайды.

Көпбалалы ана Бақтыгүл Асылбекова бұған дейін құрылысы аяқталмаған «Көктал» тұрғын үй кешенінде тұрып жатқан. Есік-тесігінен жел гулеген үй ішінде тұрудың мүмкін еместігін айтқан ананың жанайқайы туралы бұған дейін де БАҚ беттерінде бірнеше рет жазылған болатын

Сондай-ақ, бұған дейін де «Көктал» тұрғын үй кешеніне қатысты бірнеше дау-дамай туындаған еді. «Төленді» тұрғын ұй құрылыс кешенінің басшысы Айдын Байжұманов үй кілттерін үлескерлерге беруге тиісті болған.

Бұл тұрғын ұй құрылыс кешеніндегі түйткілді мәселе 8 нысанда туындап тұр. Қазір Астана прокуратурасы істі өз бақылауларына алды.