Бұл туралы 7 арнадағы "Aibat" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бәрі көрді ютубтан доллар лақтырып жатқанын, сол түскенін әуелі келдім де осыннан үй алдым. Қазір 8 бөлмелі үйім бар Аллаға шүкір. Одан кейін Дубайға бардық, ол кісінің тағы да берген сыйлығына үйімнің ішін толтырдым. Кәдімгі түзу жолдағы, қазақ деп жаны ашитын ер-азаматтың бірі, кәдімгі қазақтың батыры", - деді Наркенже Серікбаева.
Қазақ өнерпаздары үшін түрлі шаралар ұйымдастырған Арман Жұмагелдиев болатын. Сол кештердің біріне барған айтыскер ақын Балғынбек Имашев Арманмен ешқандай байланысы жоқ екенін айтты.
"Ешқандай байланысым жоқ. Сол жерде бірінші көрдім. Мені ол жерге шақырған Айнұр. Қонақ ретінде шақырды. Арман бізді ешқашан еш жерге шақырған емес", - деді Балғынбек Имашев.