Алматы қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985ж.), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1988ж.) бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.
1989-1990 жж. - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1990-1991 жж. - «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1996 жж. - кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 1996 жылдың сәуірінен - СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың қаңтарынан - ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2004 жылдың наурызынан - Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл. 2005 жылдың тамызынан - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі. 2006 жылдың ақпанынан - ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2008-2010 жылдары - «Арна медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің басқарма төрағасы. 2009-211 жылдары - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы желтоқсаннан бері.
«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.
42 жыл бұрын (1971) «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлері корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. ӘБІЛДА Талғат Амангелдіұлы дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Целионоград автомобиль көлігі техникумын, Орынбор мемлекеттік университетін, Кино және телевидение техникалық-экономикалық академиясын, РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 1993 жылы - «Қалқаман-Астық» ЖШС менеджері (Астана қ.). 1996-1998 жылдары - «АқмолаМұнайГаз Сауда» ЖШС директоры. 1998-2002 жылдары - «Құлагер» сауда үйі» ЖШС бас директоры. 2003-2004 жылдары - «Қарағанды «Қалалық су арнасы» АҚ коммерциялық директоры. 2004-2006 жылдары - «Нұр Астық 2004» ЖШС директоры. 2006-2008 жылдары - «Абылайхан» ЖШС директоры. 2008-2009 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да кен рудалары активі дирекциясының бас сарапшысы. 2009-2010 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» корпоративтік хатшысы. 2010-2011 жылдары - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы шілдеден бері.
38 жыл бұрын (1975) «Атакент» көрме кеені» басқарма төрағасы АБДУЛЛАЕВ Серік Қалықұлы дүниеге келді.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Денвер Университетін (АҚШ) бітірген. 1999 жылы - «Қазақстанның Халық банкі» АҚ несие маманы. 1999-2000 жылдары «Бизнес-орталық" БК клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері. 2000-2002 жылдары - «Атадан» БК бас директоры. 2002-2003 жылдары - «КЕГОК» АҚ жобаларды басқару департаментінің жетекші маманы. 2003-2005 жылдары - «Еуролюкс» жиһаз орталығы» ЖШС бас дриекторы. 2005-2006 жылдары - «Атакент» АҚ жобаларды дамыту департаментінің директоры. 2006-2009 жылдары - «Атакент» АҚ вице-президенті. 2009 жылғы сәуірінен - «Атакент» АҚ президенті. 2009 жылдан бастап - «Atakent Asia Development» ЖШС бас директоры.
30
жыл бұрын (1983) «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары ҚАРАҚҰЛОВ Миржан Елдесұлы дүниеге келді.
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) түлегі. «Болашақ» халықаралық Президенттік бағдарламасының стипендиаты, экономика саласындағы магистр дәрежесімен Вандербилт (АҚШ) университетін үздік аяқтады. Қазақстанның Даму Банкі, АҚ-ға келердің алдында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да, «Самұрық» холдинг» АҚ-да, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да, «Қазақстан Халың Банкі» АҚ-да аудит және тәуекел-менеджмент саласында жұмыс істеді. 2009 жылғы шілдеден бастап Даму банкінің Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы мамырдан бері.
77 жыл бұрын (1936) жазушы ҚАТЖАНҰЛЫ Шабдарбай дүниеге келді.
Монғолияның Баянөлгей аймағында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Жазушының «Аға жолы», «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай», «Керім-ау айдай», «Өз қолымен», «Алтай суреті», «Өмір ізі» атты жыр және прозалық кітаптары бар.
142 жыл бұрын (1871-1949) орыстың кәсіби палуаны, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген спорт шебері ПОДДУБНЫЙ Иван Максимович дүниеге келді.
Ол кәсіби палуандар арасында классикалық күрес түрі бойынша әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері. Боз кілемде өткен 40 жылдық өміріндегі чемпионаттардың ешқайсысында жеңіліп көрмеген. Әлемге «чемпиондардың чемпионы», «орыс батыры» ретінде танылған. Сонымен қатар қазақ палуаны Қажымұқанның ұстазы болған.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
165 жыл бұрын (1848-1932) француз композиторы, «Интернационал» гимні музыкасының авторы Пьер ДЕГЕЙТЕР дүниеге келді.
121 жыл бұрын (1892-1941) орыс ақыны ЦВЕТАЕВА Марина Ивановна дүниеге келді.
106 жыл бұрын (1907-1939) кеңес ұшқышы, КСРО Батыры ОСИПЕНКО Полина Денисовна дүниеге келді.
82 жыл бұрын (1931-1993 кеңес жазушысы және сценарист СЕМЕНОВ Юлиан Семенович (шын тегі - Ляндрес) дүниеге келді.
77 жыл бұрын (1936) кеңес және ресей киноактері, РСФСР халық әртісі КУРАВЛЕВ Леонид Вячеславович дүниеге келді.
53 жыл бұрын (1960-2009) Rambler алғашқы орыс іздеу жүйесін жасаушы КРЮКОВ Дмитрий Витальевич дүниеге келді.