Шотокан каратэ-домен айналысуды Әби екі жыл бұрын бастаған. Бүгінде ол ақ белбеудің иегері. Манғыстау облысының каратэ-до бойынша жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Әлихан Тұқаев баланың ынтасын байқап жарысқа қатыстыруды ұйғарыпты.
Junior Olympic Games - бұл америкалықтар үшін шағын Олимпиада секілді, алайда оған ТМД елдерінен де талай спортшылар қатысты. Әби өз жас санаты бойынша жарысқа қатысқан жалғыз қазақстандық болды және осы спорт түрі бойынша елеулі жетістікке қол жеткізді.