80 мыңға жуық жастар деструктивті ағымның топтарына кірген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап  хабарлайды.

ҰҚК төрағасының орынбасары терроризмді интернет-насихаттау белең алғанын атап өтті.

"Террористік қауіп-қатерге жиі ұшырайтын – жастар. Деструктивті қоғамдастықтардағы 80 мыңға жуық адамның алты мыңға жуығы 18 жасқа толмаған”, – деді Сейсембаев.

Сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте 10 мың экстремистік электрондық алаңдар бар.