Жазу-сызуды білмейтін қария Құранның аудионұсқасын тыңдай отырып, қасиетті кітапты жатқа оқитын дәрежеге жеткен. Бұл үшін Вашма бин Зайд әл-Фифидің аттай 18 жыл уақыты кеткен көрінеді, деп жазады muslim.kz.
Хат танымаса да, Құранды жатқа оқитын қария жақында кіші қажылық рәсімін өтеген көрінеді. Арада екі күн өткен соң қария фәни дүниемен қош айтысқан.