80 жастағы зейнеткер героин сатып жүр

Тәртіп сақшылары зейнеткерді кезекті клиентіне 1,7 грамм героин сатып тұрған жерінде қолға түсірді. Тексеру барысында ол өз еркімен 3,74 грамм есірткіні тапсырған, ал үйін тінту кезінде тағы 141,6 грамм «ақ ұнтақ» табылды.

Белгілі болғандай, бұған дейін қарттың екі қызы есірткі саудасымен айналысқан. Қазір олар түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Қазір ҚР ҚК 257 бабының 3 тармағына сәйкес, есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта қылмыскерге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.