80 жастағы зейнеткер сайлау учаскесіне барар жолда көз жұмды - Украина

 Бұл туралы кезекшілік бөліміне қайтыс болған зейнеткердің ұлы хабарлады, деп мәлімдеді Украина ІІМ Волынский облысы басқармасының  қоғаммен байланыс секторы.

 Оқиға орнына қалалық милиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен сот-медициналық сарапшылар аттанды. Олар келеңсіз жағдайдың себебін анықтауы тиіс. Әзірге белгілісі, қария сайлау учаскесіне бармақ болған.

Еске сала кетсек, бүгін Украинада кезектен тыс президенттік сайлау өтіп жатыр.