800 млн. теңгенің астығын өз элеваторынан ұрлаған адам ұсталды


Мемлекетке тиесілі бидай «Ақсай элеваторында» 36 қоймада сақталған. Бірақ, қаржы полициясы тексере келе 17-сінің іші бос екенін анықтады. Әзірге ұрланған бидайдың құны 854 млн. теңгеге бағаланып отыр. Қылмыскерлер қоймадан 19 тоннаны шығару үшін тыңқылықты дайындалған көрінеді. Алдын-ала қамбалардың бетіне арнайы тақтайшалар қойып, бетіне бидай сепкен. Яки, орны толып тұрған тәрізді. Десе де, қазір ұрлығы әшкере болған элеватор басшысы бар қылмысын мойнына алды. Енді дүние мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.