Ресейлік ЖОО-ға түсуге құжаттар тапсырған 83 жастағы абитуриент электр энергетикасы дипломын алғысы келеді, деп жазды «Экспресс К».
«Мен маужырап жүрме бермей, жетілу үшін магистратураға түстім, - деп өз ойымен бөлісті инженер-механик Юрий Бойко. Ол алматылық «Агропромтехремонт» кәсіпорнын 20 жыл басқарып келеді. Ал бұған дейін 12 жыл КСРО Құрылыс және сәулет академиясының бас конструкторы болды.
«Жұмыс пен оқуды қатар алып жүру үшін ресейлік ЖОО-да қашықтықтан білім алғым келеді, мен тау өзендеріне 50 жыл жұмыс істеп тұрған ГЭС салдым. Үлкен Алматыда электр стансасын, Балғар ГЭС-і мен Қызылорда ауданында жаңа бөгет құрылысын салдым», - дейді ол.