85 400 деген қауесет тарауда. Қазақстанда мұндай субсидия жоқ

ҚР Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды  Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтемем жасап.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды, делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Құзырлы ведомства азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұрайды.


Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз, делінген ресми хабарламада.