85 тұтқынды ресейлік екі ұшқыштың денесіне алмастырады


Бұған дейін өзін Тұтқындар ісі бойынша бас қор деп таныстырған топ ұшқыштардың денелерін Башар Асад жүйесі тұтқынға алған жақтастарына алмастыруды ұсынған.

Ресейлік тікұшақ оппозиция бақылауындағы Идлиб провинциясы аумағында 1 тамызда атып түсіріліп, оның бортындағы бес адам қаза тапты. Бұған дейін Сирияда Ресей әскері осынша шығынға ұшырамаған еді. Ресейдің Сириядағы әскери операциясы 2015 жылы қыркүйекте басталды.