«Қазақстанда көктем құбылмалы ауа райымен басталады. Жуырда ел аумағындағы антициклонның орнын Ресейдің солтүстік еуропалық бөлігінде қалыптасқан циклон басады», - делінген хабарламада.
Осы циклон еліміздің солтүстігінде ауа райының алдымен жылынып, кейін суытуына түрткі болмақ.
«Соған байланысты кей жерлерде қар жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің қуаты секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күн суытады», - деп болжайды синоптиктер.
Ал, еліміздің оңтүстігіне Каспийде қалыптасқан ылғалды әрі жылы циклонның ықпалы басым болады.
«Сол себепті оңтүстік облыстарда жауын мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі. Ал 8-наурыз мерекесінде өкінішке орай, негізінен қар жауады. Күн суық болады», - делінген хабарламада.