ал өңдеуші өнеркәсіп 107 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Аталмыш кезеңде азық-түлік өнімдерін шығару, металл емес минералды өнімдер, қара, түсті металлургия, машина құрылысы өнімдері, химиялық өнеркәсіп пен киім шығару көрсеткіші артқан. Оның ішінде өндіріс айтарлықтай артқан салаларға мыналар жатады: химиялық өнеркәсіп өнімдері 121,7 пайыз, машина құрылысы - 119, пайыз, металлургия өнеркәсібі 108 пайызды құрап, 1,5 трлн. теңгенің өнімдері шығарылған. Машиналар мен қондырғылардан басқа дайын металл өнімдерін шығару 117,3 пайызға өсті. Электроэнергетикалық салада 9 айда еліміздегі өндірілген электр энергиясы 61 млрд. кВтсағатты немесе былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады. Ал электр энергиясын тұтыну - 62,5 млрд. кВт сағатты немесе 2010 жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады.
Көмір өнеркәсібі саласында еліміздің көмір өндіру компанияларымен ағымдағы жылдың 9 айында 78,8 млн. тонна көмір өндірілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,4 млн. тоннаға немесе 5,9 пайызға артық. Ал жыл соңына дейін болжанған көмір өндіру көрсеткіші 107 млн. тоннаны құрайтын болады.