«Кешегі жарыстардың 59 395 билеті сатылды, - деді ол. - Спорттық бәсекелердің көпшілігінде трибуналарға халық молынан жиналды. Мәнерлеп сырғанау мен шаңғы спортында тіпті ине шаншар жер болмады».
Ирина Гладких "Сочи 2014" ұйымдастыру комитеті Сочидегі ойындар барысында трибуналарға көрермендерді тарту бойынша Халықаралық олимпиада комитеті алдындағы міндетін толық орындап жатқандығын атап өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.