9 шілдеде Shymkent bike-тің алғашқы стансасы ашылады

Ашылу салтанаты кезінде қала тұрғындары велосипедтерді пайдалану карталарын ала алады.

«1 картаның құны 11500 теңге. Оның 10000 теңгесі жылдық клубтық салым, ал 1000 теңге карта құны, ал 500 теңге қолданушының бірлігі. Шымкенттегі климат жағдайы велосипедтерді жыл бойы қолдануға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр. Баға құны осыған да байланысты бекітілген», деп мәлімдеді әкімдіктен.

Алғашқы жарты сағат тегін, ал одан уақыт асып кетсе әр сағатына 100 теңгеден алады.


Әр велосипедте борттық компьютер және заттарды салуға арналған қоржын бар.