9 тілде еркін сөйлейтін оқушы өз еңбегімен Астанадан баспана сатып алған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Жетінші арнаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Тіл үйренуге деген қызығушылық Айханым Оқасоваға анасынан дарыған. Ол әуелі қазақ тілін жетілдіріп, кейін ағылшын тіліне ден қойған. Ал уақыт өте келе француз әндеріне әуестеніп, осы тілге ерекше сүйіспеншілік танытқан.

"Француз тілінен кейін Павлодар қаласындағы Жастар ресурс орталығында корей тілі бойынша тегін курстар ашылды. Кейін курс аяқталса да, бұл тілге деген қызығушылығым басылған жоқ. Корей тілін жақсы деңгейде меңгергеннен кейін араб тілін үйрене бастадым, ал араб тілінен соң қытай тіліне көштім. Қазір түрік және неміс тілдерінде де еркін сөйлей аламын", - деді ол.

Айханым Оқасова шет тілдерін меңгеруді 6-сыныптан бастаған. Ол тілдерді өз бетінше оқулықтар, бейнесабақтар және тікелей қарым-қатынас арқылы үйренген.

Қазір ол мектепте оқиды әрі шет тілдерінен онлайн сабақ береді. Жас полиглот болашақта беделді шетел университетіне оқуға түсіп, жер жаһанды аралауды армандайды.