"9 жылдан кейінгі қуаныш": Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанбақ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің жары Мархабат Беспаева жеке парақшасында қуанышты жаңалықты сүйіншіледі. 

“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесінің жұбайы.