Арнаулы жұмыс тобының отырысын ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ашады деп күтілуде.
Мәжіліске ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі келіссөздерге қатысушы Қазақстан өкілі Равиль Шардабаев, Әзербайжан атынан осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, Иран атынан Иран Ислам Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Мехди Сафари, Ресей Федерациясынан - РФ президентінің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі арнаулы өкілі, РФ СІМ-нің орынбасары Виктор Калюжный, Түрікменстан атынан осы ел президентінің жанындағы Каспий теңізі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын төрағасы Хошкелді Бабаевтар қатысады.