94 жастағы «есепші» 4 жылға бас бостандығынан айырылды

94 жастағы  Гренинг концлагердің 300-дей тұтқынын өлтіруге қатысқаны үшін айыпты деп танылды. 

Гренинг лагерьге тұтқынға түскендерден тәркіленген ақшаны есептеуге жауапты болған. Сондықтан оны «есепші» деп атап кеткен.

Сәуірде сот отырысында Гренинг моральдық тұрғыдан айыбын мойындауға әзір екенін, ал кісі өлтірген айыбын мойындамайтынын мәлімдеген.

Ол 1942 жылы концлагерге келген сәтінен бастап газды камерада тұтқындары өлтіретіні жайлы білгенін  нақтылады.