9-қыркүйекке дейін ел қамбасына 4,4 млн тонна астық құйылды

Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,067 млн тоннаға кем.

Ауыл шаруашылық министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін диқандар 4,2 млн гектар алқаптағы егінді жинап алды. Бұл жалпы егіс алқабының 27,8 пайызы.

Биыл бір гектардан орта есеппен 10,5 центнер өнім алынды (былтыр 1 гектардан 11,8 центнер болатын.


Министрлік болжамынша биыл Қазақстан бункер салмағымен қоса есептегенде 17 млн тоннаға жуық астық жинап алуы тиіс.