Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.
Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар:
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
- 075 / е «Медициналық анықтама»;
- 026 / е «Дәрігерлік-консультациялық кеңес қорытындысы»;
- 073 / е «Көлік тізгіндеуге рұқсат туралы анықтама»;
- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»;
- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»;
- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»;
- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.