Ә. Исекешов Теміртау қаласында «Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасының талқылауына қатысты

Сапар Теміртау қаласынан басталды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі мен Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев «Нұр Отан» ХДП Теміртау қалалық филиалының XIV кезектен тыс конференциясының жұмысына қатысты. Онда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы «Нұр Отан» ХДП алдында тұрған жаңа міндеттер, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасы талқыланды.

Конференциядан кейін Әсет Исекешов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді, содан соң кәсіпорын басшыларымен, кәсіпкерлермен, ақпараттық-насихат топтарының мүшелерімен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясын түсіндіру жөнінде Теміртау қаласының жұртшылығы өкілдерімен кездесті.

Ә. Исекешов пен Қарағанды облысының әкімі Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймағының аумағында болып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты. Олардың ішінде шар тәрізді шүмектер мен тиекті арматура дайындау жөніндегі («Бёмер Арматура» ЖШС) зауыт және алдын ала бөлінетін жоғары сапалы болат құбырлар өндіретін кәсіпорын («Изоплюс Орталық Азия» ЖШС) да бар.

Аталған объектілерді аралап көргеннен кейін Әсет Исекешов «Қарағанды Инвест» және «Металлургия - металлөңдеу» Индустриялдық паркі» ЖШС басшылығының «Сарыарқа» ЕЭА дамыту, сондай-ақ оның инфрақұрылымдары құрылысының барысы туралы есептерін тыңдады.


Сапардың бағдарламасына тағы екі өндірістік объектісімен танысу кірген болатын.

Олардың біріншісі - «Кеңжер» АҚ, онда қазіргі уақытта өзін өзі энергиямен толық қамтамасыз ететін, экологиялық таза және қалдықсыз технология әдісімен, плазмалық технология негізінде кремний мен рексила балқытатын коммерциялық болашағы зор жобаны құру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Екінші жоспарланған нысан «SVK Group» компаниясы тобының өндірістік базасы болды, олар байыту және тау-шахталық құрал-жабдықтар дайындаумен және жөндеумен, еркін құю әдісімен полиуретаннан бұйымдар шығарумен шұғылданады, құрылыс-монтаждық жұмыстардың кешенін, сондай-ақ мобильдік тұрғын үй, вахталық үйлер өндірісін жүзеге асырады, компрессорларды сатумен, аудит және сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Сапар соңында Әсет Исекешов облыс әкімі Бауыржан Әбдішевпен бірге арнайы мәжіліс өткізіп, онда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының көкейкесті мәселері қаралды.