Бұл туралы Астана қалысы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
А.Е. Мешімбаева ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігі «б,г» тармақтарымен және 307-бабы 3-бөлігімен, 2009 жылы халық санағын өткізуге қажет санақ құралдарын дайындау үшін бөлінген 758,2 млн.теңге мөлшеріндегі сеніп тапсырылған ақша қаражаттарын өзінің орынбасарларымен, мердігер ұйымының басшылығымен және басқа да тұлғалармен бірге адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жымқырғаны үшін, сондай-ақ, өз өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін айыпталуда.
2013 жылдың 15-ші қарашасында А. Мешімбаева жоғарыда аталған Қылмыстық кодекстің баптарымен сотқа беріліп, бүгінгі таңда қылмыстық іс Астана қаласы Есіл ауданының №2-ші аудандық сотының өндірісінде.