А. Сәрсенбаевтың көмекшісі, саясаткердің көлігінде оның ізін бақылап жүрген көліктердің тізімі сақталған болатын, деп сендіруде



Сұрау кезінде А. Сәрсенбаевтың көмекшісі Ұлан Жұманов, "біз, соңымыздан бақылап жүрген автокөліктердің тізімін жасағанбыз, олардың саны он беске жуық болатын", - деді. "Тізім Сәрсенбаевтың көлігінде жататын, 11 ақпаннан кейін ол жоғалып кетті", - деп мәлімдеді ол.

Оған қоса, Ұ. Жұманов із кесушілердің қатарында болған айыпталушы Адылжан Газиевты көзқарасынан танығанын айтты. "Талдықорғанда, сот отырысының алғашқы күні темір торда отырған Газиевты көргенде, мен оны бірден таныдым", - деді Ұ. Жұманов.