А. Винокуров халықаралық рейтингте бір сатыға төмен түсіп қалды

UCI сайтында жарияланған Одақтың жаңа рейтингісінде Винокуров 15-сатыға орналасты. Атақты қазақстандық велошабандоз «Тур де Франс-2011» жарысы кезеңдерінің бірінде ауыр жарақат алып, бірнеше ай өткізіп алған болатын. Тізімнің көш басында Филипп Жильбер орналасқан, ал биылғы «Тур де Франстың» жеңімпазы Кедал Эванс 2-орынға жайғасқан. Испаниялық Альберто Контадор рейтингтің үшінші сатысында тұр.

Ал командалық көрсеткіштер бойынша «Астана» клубы өзінің 15-орнын сақтап қалды. Бірінші, екінші және үшінші орындарды тиісінше Omega Pharma-Lotto, Sky Procycling және Leopard Trek командалары бөліскен.