екінші ұшқыш Андреас Лубицтің қасақана әрекет еткенін растайды, деп бүгін "Франс инфо" радиостанциясы мәлімдеді.
БАҚ мәліметі бойынша, бұлтуралы француз тергеушілері мәлімдеді.
Қара жәшік жазбалары екінші ұшқыштың ұшақты әдейі жерге қарай бағыттағынан айқындайды.
А.Лубиц ұшақты тауға қарай бағыттаған соң қозғалыс жылдамдығын бірнеше есе күшейткен.
Germanwings әуе компаниясының Испаниядан ГФР-ге жол тартқан А320 жолаушылар ұшағы 24 наурызда Францияның оңтүстігінде таулы жерде апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 144 жолаушы мен алты экипаж мүшесі қайтыс болды.