А321 ұшағы апаты құрбандарының денелері салынған ұшақ Санкт-Петерборға келіп қонды

ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшақ Санкт-Петерборға «Когалымавиа» әуе компаниясының Синай түбегінде апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының 144 құрбанының денесін жеткізді.

Бұған дейін ТЖМ-де марқұмдардың денелері Санкт-Петербор крематорийіне жеткізіліп, оларды тану өткізілетіні туралы хабарлаған, деп жазады РИА Новости.

Ресей және кеңестік авиацияның тарихында ең ірі апат сенбі күні орын алған: бортында 224 адам болған  Airbus А321 әуе кемесі Мысырда апатқа ұшырады. РФ-ның Каирдағы Елшілігінің мәліметтерінше, апаттан ешкім аман қалмады.