Шараның қорытындысы бойынша Алматы қалалық драма театрының әртісі Ләйлә Бекназар үздік әйел ролін орындаушы деп танылды. Ерлер арасында өзбек драма театрының (ОҚО) әртісі Рустам Сайдходжаевүздік атанды. Үздік режиссер атағы ОҚО орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкийге бұйырды. Қазылар алқасы Қуанышбаев ат. драма театры труппасының жұмысын осы маусымдағы үздік қойылым деп атады. Оңтүстік Қазақстанның қуыршақтар театрының қоюшы-суретшісі Маяра Дәуренбаева үздік театр суретшісі деп танылды.
Қазылар алқасының төрағасы, қазақ кинематографының шебері Асанәлі Әшімовтың пікірінше, фестиваль жоғары кәсіби деңгейде өтті. Ол театрлар фестивалі дәстүрге, ал Шымкент оның тұрақты тұрағына айналуы мүмкін деген пікір айтты.