"Иә, баға да біраз өсуі мүмкін, инфляция да болуы ықтимал, бірақ біз ол одаққа енбесек, ол қауіптеріміз одан әрі күшейі түспек", деді ол дүйсенбіде Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында.
"Әзірге басымызды тік көтеріп отырмыз, Кеден одағына осындай кезде кіруіміз керек (...) кіріп, жақсы преференция, несие және грант алуымыз керек", деді ол.
Қырғызстан Кеден одағына 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап мүше болмақ.