Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист Әлия Әшім көпшілікке тарихи деректі фильм түсірумен танылған. Ел ішіне жасаған кезекті сапарларының бірінде ол Абай мен оның бірінші әйелі Ділдәнің бөлмесін аралаған.
Журналист кадрда: "Абай мен Ділдә неткен бөлме" деп елдің ашуына тиген.
Танымал тілші Ертай Нүсіпжанұлы БАҚ өкілінің бұл әрекетін қатаң сынға алды.
Видеоны көрген көпшілік те түрлі пікір қалдырды. "Ең есі дұрыс блогер, тілші ма деп жүрсем,мұнысы дұрыс болмады", "Салмақты дүнилере жасап жүрген Әлияға не болған", "Бұл енді баланың ісі, таяз ойлы адамның сөзі" деп жазды бірқатары.