Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Азамат С. әйелінің жоқтығын пайдаланып, 12 жасар өгей қызына шарап ішкізіп, зорлаған.
Сот хабарламасында айтылғандай , ол диванда жатып, телефондағы фильмді көру үшін қызды қасында жатуға шақырған. Баланың қарсылығына және айқайына қарамастан, ол күш қолданып, киімін шешіп, зорлаған.
Сот қылмыстық кодекстің 121 — бабының 4-бөлігі - жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық бойынша сотталушыны кінәлі деп тапты. Прокурордың сұрауымен, ер адам қатаң режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылды.