Абай облысындағы орташа айлық жалақы – 340 мың теңге

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, 9 ай қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 105,3%.

Үлкен өсім құрылыс саласында 131,6%-ға, өнеркәсіпте – 102,6%-ға, ішкі саудада – 110,5%-ға, ауыл шаруашылығында – 106,4%-ға, инвестицияларда – 100,5% тіркелді, - деді әкім.

Облыста 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болды. Ұранхаев болжам бойынша жыл аяғына дейін оң динамика сақталады деп сендірді.

Орташа айлық жалақы 2-тоқсан қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.

1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті. Республикалық бюджетке – 197 млрд, жергілікті бюджетке – 97,8 млрд теңге. Өсу қарқыны – 126,5%-ды құрайды, - деді Ұранхаев.

Биыл облыс бюджетінің көлемі 480,8 млрд теңгені құрады.

Меншікті кірістер – 135,5 млрд теңге. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 120%-ға артық. 25 жыл ішінде өңірдің инфрақұрылымы тұралап қалғанын білесіздер. Тозған дүниені әлі жаңартумен келеміз, - деді әкім.

Бұған дейін хабарланғандай, жуырда БАҚ-та жарияланған облыс әкімдерінің рейтингінде – Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бірінші орында. Әкім осыған қатысты пікірімен бөлісті.