Абайды Абай қылған Құнанбайдың малы - Respublica партиясының төрағасы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айдарбек Қожаназаров өз сөзінде Абайдың шығармашылықпен айналысып, елге танымал тұлға ретінде қалыптасуына әкесінің дәулеті мен сол кездегі мүмкіндіктері әсер еткенін атап өтті.

“Абайды Абай қылған Құнанбайдың малы. Егер де Құнанбайдың малы болмаса Абай Абай бола алмайтын еді. Себебі, Абайдың уақыты болмайтын еді.

Сондықтан біздің партия Құнанбайлардың саны көп болсын деп, Құнанбайларды қолдайтын партия. Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлардың саны көп болады”, – деді ол.

Партия төрағасының бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі оның ойын қолдаса, енді бірі Абайдың тұлға ретінде қалыптасуын тек материалдық жағдаймен байланыстыруға болмайтынын айтып, пікір білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Құнанбай Өскенбайұлы – Абайдың әкесі, ел басқарған тарихи тұлға. Ал Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы ретінде ұлттық әдебиет пен мәдениетте айрықша орын алады.