Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

Театрдың бас директоры болып ҚР еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, доцент, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін дипломанты және лауреаты Ғабит Несіпбаев тағайындалды.

Анықтама: Ғ.Несіпбаев Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін (1985) және аспирантурасын (1987) тәмамдаған.
Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында органист болып бастады.
Әр жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аға оқытушы, доцент, оқу ісі жөніндегі проректор, стратегиялық даму және ұйымдастыру ісі жөніндегі проректор болып істеді.
2005 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органисі.
Ғ.Төлеутайұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналған «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тарихы» атты мерейтойлық басылымның авторы.