Абай ауданында «Еураз-шоу» шығармашылық ұжымы өнер көрсетті

Абай ауданының тұрғындары театрдың өнерін ыстық лебізбен қабылдады. Болашақта «Еураз-шоу» ән және би театры өз көрермендері алдында талай-талай өнерлерін көрсетеді.

Концерттік бағдарлама соңында Абай ауданының әкімі сөз кезегінде «Еураз-шоу» ән және би театрының шығармашылық ұжымын құттықтап, алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.