Абай Бегей өз өмірі туралы фильм түсірмек

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Егер мен кино түсіретін болсам, Шәмші ағадан бастар едім. Өйткені Шәмші ағам кезінде бата беріп, “Шәмші бата берген сазгер” деген үлкен мақаламен шыққанмын. Сол сияқты фильмде шәкірттерімнің жалғастырғанын қалар едім. Кішкене болса да із қалдыру ғой”, – дейді Марат Омаров.

“Жоқ демей-ақ қояйын, бұйырса келер жылы өзімнің өмірім туралы фильм түсіремін ба деген ойым бар. Түсіріп қалуым мүмкін. Әртіс болғаннан кейін кино түсіре ма, басқа істей ма, өз еркінде. Мысалы, Төреғалиді алатын болсақ, ол өзі актер. Актерлік шеберлігі бар, оқыған. Ән айтып жүрген көп жастарымыз актерлік шеберліктен хабардар. Сол себептен неге кино түсірмеске? Онда тұрған ештеңе жоқ”, – дейді әнші Абай Бегей.

Ал Сейфуллин Жолбарыс “шымшық сойса да, қасапшы сойсын” деген пікірді ұстанады.


“Мен – музыкантпын, музыкамен айналысып жүрмін. Кейде достарымыз бір эпизодтарға шақырады, ондай кезде амал жоқ барамыз”, – дейді ол.