Абай Бисембаев ҚР Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі «А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімін жария етті. Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев