«Абай» мен «Шәкәрім» сюиталарының әлемдік премьерасы Нью-Йоркте өтеді


Шығарманы Марат Бейсенғаливтің жетекшілігімен Алматы симфониялық оркестрі орындайды.

«Абай» мен «Шәкәрім» сюиталарының авторы - британиялық атақты композитор Карл Дженинс. Ол туындыны жазу барысында арнайы қазақ жеріне келіп, ұлттық музыкалық аспаптармен, көшпелілердің өмірі һәм өнерімен арнайы терең танысты. Карл Джекинс сондай-ақ бұл жобада дирижер ретінде де қатысады.