Абай облысында Камаз бен жеңіл көлік соқтығысты

Жол апаты 24 қараша сағат 07:00 шамасында болған. KIA автокөлігінің жүргізушісі Омбы – Майқапшағай автожолының 702-шақырымында КамАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Kia автокөліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.