Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, вакцина сатып алуға арналған 9,5 млн. теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.
Жұқпалы аурулармен күресуші дәрігерлердің айтуынша, вакцина барлық сатылы сараптамалар мен тексерулерден өткізілді. Абай қаласында 3-7 жас аралығындағы 3,5 мың балаға вакцина егіледі. Әрбір бала тиянақты дәрігерлік байқаудан өтіп, олардың арасынан вирусты гепатитпен бұрындары ауырмаған, яғни, иммунитет қалыптаспаған балаларға ғана вакцина егіледі.
Вакцина егу шарасы 15-қазаға дейін жалғасады.
Бүгінгі жағдаймен Абайда вирусты гепатитпен ауырғандар саны 500 адамнан асты. Күн сайын жаңадан ауырған 8-10 науқас айқындалуда.